Ортақ тарихи жадыны сақтау және насихаттау
Н.К.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әріптестерімен «Ортақ тарихи жадыны сақтау және насихаттау жөніндегі кітапханалық жобалар» телекөпірі шет елдердің кітапханаларымен әріптестік өзара іс-қимыл шеңберінде өтті.
Талқылаудың негізгі аспектілерінің бірі - осы бағыттағы жұмысты қамтамасыз ететін кітапхана жобаларын құру мен дамытудың әдістері мен тәсілдері болды. Қатысушылар үздік тәжірибелермен алмасты, сондай-ақ кітапханалар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақтың белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылары, композиторлары Ы.Алтынсарин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Байтұрсынов, А. Затаевич және т. б. Орынборда оқыды, өмір сүрді, жұмыс істеді. Н.К.Крупская атындағы ОӘҒК мамандары «Орынбор картасындағы ұлы қазақ есімдері» тақырыбы жайлы айтып, Орынбор көшелерінде виртуалды экускурсия өткізді; «Өткен жылдар жады» жобасы аясында Илецк ОКЖ жұмысы туралы әңгімеледі; 1906 жылы Орынбор мұсылман қайырымдылық қоғамы ашқан және қазақ тіліндегі кітаптар қоры бар Орынбор қаласының ең көне кітапханаларының бірі – Х.Ямашев атындағы кітапхана туралы әңгімеледі; 2015 жылы Орынбор облыстық кітапханасында А.С. Пушкиннің Орынбор және Орал қалаларына келуінің 190 жылдығына орай құрылған «С миру по «Капитанской дочке» атты бірегей электронды жинақтың тұсаукесерін өткізді. Жинақта әлемнің 42 тілінде 278 дана кітап бар.
Павлодарлық әріптестер Павлодар облысының цифрлық баспасөз Банкі, ұрпақтар үшін мұрағатты сақтау тәсілдері; Екібастұз өңірінің электрондық ресурстары; кітапханаға бюджеттен тыс қаражат пен гранттар тарту, Омбы және Павлодар облысының кітапханашыларының бірлескен жобалар мен акцияларды іске асырудағы шекара маңындағы ынтымақтастығы, ауылдың тарихи-мәдени мұрасын зерделеу мен сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. «ХХ ғасырдың басындағы шежірелердегі өлке» туралы ақпарат - белгілі бір тарихи кезеңде біздің аймақтың қалыптасуы мен дамуын зерттеуге көмектесетін өлке тарихын, халық өмірінің негізгі салаларын ашатын сирек және құнды басылымдар туралы айтты.
Мұндай телекөпірлер облыстық кітапхананың дәстүріне айналды, бұл кітапхана мамандарына идеялармен, зерттеулермен алмасуға, Ресей кітапханаларымен серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді, кітапхана саласының дамуына ықпал етеді және ортақ тарихи жадыны сақтауға және насихаттауға бағытталған жаңа жобалар мен бастамаларды құруға әкелуі мүмкін.