«Соғыс туралы өлең жолдары» атты әскери поэзия кеші
11 мамыр күні облыстық кітапханада «Соғыс туралы өлең жолдары» атты әскери поэзия кеші өтті. Шараның құрметті қонақтары - әскери-техникалық мектептің курсанттары, поэзия сүйер қауым және «Истоки» әдеби-музыкалық клубының мүшелері. Кеш барысында К.Симонов, Ю.Друнина, А.Твардовский, М.Кәрім, Р.Гарипов, Г. Гулям, Ж. Жабаев өлеңдері оқылды, «Катюша», «Смуглянка», «Журавли» сынды соғыс әндері шырқалды. Павлодарлық ақындар Татьяна Панина, Наталья Борисовская, Галина Самойлик соғысқа, жақындары - соғыс ардагерлеріне арналған өлеңдерін оқыды.
Іздестіру отрядының мүшесі, ақын Рафаэль Мұхамеджанов іздеушілердің жұмысы туралы әңгімелеп берді, олардың арқасында көптеген отбасылар сол уақытқа дейін жоғалып кеткен туыстарын тауып алды. Ақын Наталья Млинцеваның майданда қаза тапқан атасының соңғы хаты қызығушылық тудырды. Іс-шараның соңында қатысушылар соғыс туралы өлеңдерде сарбаздар өмірі, әскери ерлік жайындағы әңгімелер, Отанға, туған-туыстарына деген сүйіспеншілік сезімі, соғыс жылдарының қиындықтары және жеңіске деген құштарлығы қамтылғанын атап өтті.