«Среди людей» атты психологиялық тренинг
28 ақпан күні облыстық кітапханада Павлодар бизнес колледжі 1-курс студенттерінің қатысуымен «Среди людей» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Дағдарыс орталығының психологі С.Г.Шиман балаларды сендіру дағдыларына, бейвербалды қарым-қатынас, топтық пікірталас, логикалық ойлау шеберліктерін дамытуға көмектесті. Тренинг топ қатысушыларының шығармашылығын белсендіретін ойынмен жалғасын тапты. Кітапхана қызметкерлері «Искусство быть другим: общение и понимание» атты кітап көрмесін ұсынды.