«Сыбайлас – жемқорлықсыз әлем»
/ Әдістемелік ұсыныстар /
Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көрсетіп берді. Сыбайлас жемқорлыққа өз уақытында қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана бүкіл халықтың сенімінен шығатынымыз ақиқат. Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықпен күресу Еліміздің негізгі приоритеті болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасын салтанатты түрде таныстырды.
«Парасат жолы» - қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерлету, сонымен қатар, әділеттілік, парасаттылық, тұтастық, адалдық принциптерін қалыптастыруға бағытталған жоба.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Кітапханаларды дамыту бөлімі (ОРБ) облыс кітапханаларына көмек ретінде сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресті насихаттауға арналған «Сыбайлас – жемқорлықсыз әлем» атты әдістемелік ұсыныстар құрастырды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастыру шаралары, «дөңгелек үстел», «пікірталас» тақырыптары, кітап көрмелері, құқықтық сауаттылық метебі туралы және конкурс жайлы ұсыныстар берілген. Нормативті заңдық актілер тізімі жасалып, Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті және Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі Басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның мәтіні берілген.