«Сұлтанмахмұт Торайғыров жастар көзімен» оқырман конференциясы
26 қазан күні қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Сұлтанмахмұт Торайғыров жастар көзімен» атты оқырман конференциясы өтті.
Сұлтанмахмұт жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болды. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Демек, бүгін де һәм болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы – жастардың қолында.
Конференцияда Павлодар қалалық №25 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Әлиақпар «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Алаш орда жаныңдағы қызметі» тақырыбында, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері Жанболат Абайхан «Оқып жүрген жастарға...» атты баяндамаларын оқыды. Торайғыров университетінің студенті Адамбек Сандуғаш «Кедей» поэмасынан үзінді мәнерлеп оқып берді және суырыпсалма ақын Мизан Жұмәлі ән шырқады. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, танымал ақын Шолпан Байғалы Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығы жайында тың деректермен бөлісіп, әдеби шараны қорытындылады.
Атаулы шараға студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, оқырмандар қатысты. Қонақтарға «Жақсылық көрсем – өзімнен» атты кітап көрмесі ұсынылды.