СӘНГЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САБАҚ!

Бүгін облыстық кітапхананың Сoworking-де киім дизайнері, сәнгер, жас сәнгерле студиясының жетекшісі Елена Золотухинаның «Сәнді иллюстрациялау бойынша 7 кеңес» атты шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағында суретші сән иллюстрациясының ерекшеліктері мен басқа стильдерден айырмашылығы туралы айтып, сурет композициясымен таныстырды. Тәжірибелік бөлімде шеберлік сыныбына қатысушылар өз қолдарымен сәнгердің басшылығымен сән иллюстрациясын салып көрді. Ал шараға қатысқан педагогикалық колледж студенттері өз белсенділіктерін көрсетіп, жаңа тәжірибе жанақтағандарын қуана айтып, алған әсерлерімен бөлісті.