«Тайны прошлого Великой степи» атты ашық дәріс

21 ақпан күні облыстық кітапханада белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Margulan centre» директоры Тимур Нұрланұлы Смағұловтың «Тайны прошлого Великой степи» тақырыбында ашық дәрісі өтті.

Кездесу барысында №16 лицей-мектебінің және №11 мектептің жоғары сынып оқушылары Павлодар облысының киелі ескерткіштерін зерттеу және сақтау жұмыстарының қорытындыларымен танысты. Әулиекөл көліндегі көшпелілердің қорымындағы, Торайғыр Сақ қорғандарындағы, Кемпіртас шатқалындағы қола дәуіріндегі қорымдардағы соңғы зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Дәріс барысында археологиялық олжалар, фотосуреттер мен бейнематериалдар көрсетілді.
Қарастырылып отырған сұрақтардың ішінде Баянауыл мұрасын сақтау және мұражайландыру мәселесіне, облыстағы мектеп тарихи-археологиялық қозғалысын дамытуға ерекше назар аударылды. Кітапхана қызметкерлері Павлодар өңірінің киелі жерлері көрсетілген кітап көрмесін ұйымдастырды.