«Тарихи тұлғалардың өмірбаянын зерттеу: ғалымдардың көзқарастары және олардың шеберлігі» атты дәріс
2022 жылдың 12 сәуірінен бастап С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ППУ-нің Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушыларының ашық дәрістері өтуде.
14 сәуірде Павлодар педагогикалық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының докторанты Қилаш Расул «Тарихи тұлғалардың өмірбаянын зерттеу: ғалымдардың көзқарастары және олардың шеберлігі» тақырыбында №11 модульдік үлгідегі жалпы білім беретін мамандандырылған мектеп оқушыларына дәріс оқыды.