«Тарихы – терең, келбеті кемел басылым» атты дөңгелек үстел
12 ақпан күні облыстық кітапханада «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығына орай «Тарихы – терең, келбеті кемел басылым» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ардагер-журналистері - Омаров Мұхит, Тұрсынбай Ибадулин, Шолпан Байғалы және бас редактор Нұрбол Жайықбаев, журналистер қатысты. Газет қызметкерлері басылымның тарихын баяндап, естеліктерімен бөлісті.
Газет мерейтойына орай ПМУ студенті Ғалым Балдызым «Арнау», ПМПУ студенті Аманболсын Жиналған өзінің өлеңің арнады. Б. Ахметов атындағы Педагогикалық колледж студенті Тілей Маралбек «Көңіл толқыны» күйін орындады. Кітапхана қызметкерлері «Аймақ өмірінің айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.