Татьяна Алексенконың «Vertikal» атты фотокөрмесі
13 шілдеде облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Татьяна Алексенконың «Vertikal» атты фотокөрмесі ашылды.
Татьяна Алексенко – аудармашы, фотожурналист. ҚР Журналистер одағының мүшесі. FIAF (Италиялық фотографтар федерациясы және фотоассоциациясы) мүшесі, GhepArt Мәдениет Ассоциациясының Президенті, «Фотография как инструмент развития речи» (италия тілінде) атты әдістемелік құралдың авторы. 2014-2016 жылдары – ALA Ассоциациясының Президенті (Ассоциация – өнер жайлы фильмдердің фестивальдерін ұйымдастырушы AsoloArtFilmFestival Азоло қаласы, Италия).
Павлодар қаласында туған, қазір Италияда тұрады. Италия, Ресей және Қазақстанның көптеген басылымдарымен қарым- қатынаста жұмыс жасайды.
Бірнеше ұжымдық және жеке көрмелерге, арт - жобаларға қатысты.
Туған қаланың мәдени өміріне белсенді қатысады. Павлодарлық «Орион» фотоклубының мүшесі. Павлодарда жеке фотокөрмелері өтті, атап айтсақ, «Венецианский карнавал» (2012 ж., «Айна» галереясы), «Партизанскими тропами» (2017 ж., Д. Багаев мемориалды музей - үйі).
“Vertikal” фотокөрмесі – геометрия, эстетика және түстердің үйлесімділігі, қарапайым заттарға ерекше көзқараспен қарау. Әр фотографияның ерекшеліктері бар, өзіндік әсер қалдырады, әр люстра өз тілінде сөйлейді. Көрменің ашылуына «Орион» фотоклубының мүшелері, фотографтар және өнер сүйер қауым жиналды. Павлодарлықтар үшін вернисаж ерекше сыйлық болды.