«Тәуелсіздік - халық мұраты» атты кітап көрмесі

12 желтоқсанда Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - халық мұраты» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады, «Желтоқсан - Тәуелсіздік тұғыры», «Әлем таныған Қазақстан», «Азат елдің ажары», «Елім, жерім, Отаным!» бөлімдеріндегі әдебиеттерге шолу жасалды.

Іс-шараға Астана телеарнасының меншікті тілшісі, облыстық кітапхана ұйымдастырған «Маған 28» онлайн – челлендждің қатысушысы Өзгеріс Қуанар және колледждердің студенттері қатысты. Тәуелсіздіктің құрдасы Өзгеріс Қуанар мерекеге арналған өз өлеңін оқыды. Келушілер кітап көрмесімен танысып, әдебиеттерге қызығушылықтарын білдірді.