Тақия тігу бойынша шеберлік сыныбы
Тақия кию қазақ қыздары арасында трендке айналып келеді. Соңғы кезде көшеде қазіргі заманға лайықтап, заманауи стильбе тігілген тақия киіп жүрген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. 5 мамыр күні облыстық кітапханада «PavlodART» II бейнелеу өнері фестивалі аясында қолданбалы өнер шебері Марал Макина павлодарлық жас қыздарымызға тақия тігу бойынша шеберлік сыныбы өткізді.
Қатысушылар тақияларды тігіп қоймай, оның пішудің жолдарын, тақияны сәндеп безендіруді, тақияны киюдің жолдарын үйренді. Шеберлік сыныптың соныңда қыздар өз қолдарымен тіккен тақияны сыйға алып, алғыстарын білдірді.