TEDAbayStWomen халықаралық конференциясы
Өткен демалыста облыстық кітапхананың Халықаралық кітап секторында жыл сайынғы TEDAbayStWomen конференциясының онлайн шығарылымы өтті. 2018 жылғы тақырып – «Әйелдің әлеуметтік орны мен қоғамдағы ролі». Конференцияға Павлодар қаласымен бірге Петропавл, Қарағанды, Семей, Шымкент және Алматы қалалары да қатысты. Іс-шара қатысушылары қыз балалардың, келіншектердің, жалпы, әйел адамдардың қоғамдағы жағдайы, мәселелері, көпшілікке жарияланбайтын сырлары жайлы пікірлер алмасты. Сондай – ақ көрермендер конференция қатысушыларының баяндамаларын тыңдады.
Павлодар қаласынан С. Торайғыров атындағы ПМУ магистранты, оқытушы А. Қоспақов «Қазақстандағы гендерлік саясаттың зерттеу нәтижелері» атты баяндамасымен және Назарбаев университетінің студенті Б. Сейтақ «Инклюзивті тілдің маңызы» атты баяндамаларын таныстырды.
Қатысушылар арасында фотобайқау өтті. Үздік жұмыстардың авторлары сыйлықтармен марапатталды.