«Бірінші сынып кітапханада» тақырыптық апталығы
6 ақпан мен 12 ақпан аралығында С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері Галимова Р.А., Рахимжанова Д.С. инновациялық үлгідегі №39 мектеп, №21 орта мектеп, №26 орта мектебі, Ахмет Байтұрсынов атындағы инновациялық мектебі, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептеріне бірінші сынып оқушылары үшін «Бірінші сынып кітапханада» тақырыптық апталығын өткізді.
Мереке күндері бірінші сынып оқушылары үшін «Кітапхана – кітап үйі», «Анықтамалық әдебиеттер», «Әлемдегінің барлығын журналдардан оқуға болады», «Білім аумағы» атты кітапханалық сабақтар өткізілді.
Балалар энциклопедиялармен және сөздіктермен танысты, музыкалық аудиокітаптарды тыңдады, көркем кітаптар бойынша викториналарға, «Миғашабуыл» интеллектуалдық ойынына, қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» т.б. белсенді қатысты. Оригами техникасы арқылы «Қарындаш» және «Қоян» белгібау жасау бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
Сондай-ақ 1-сынып оқушыларын кітап оқуға ынталандыру және балаларды кітапханаға тарту мақсатында мектептерге барып, үш кітапхана сабағы өткізілді.