«Кітаптар - ақылды және мейірімді достар» атты тақырыптық сабақ
18 қыркүйекте С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Кітаптар - ақылды және мейірімді достар» атты тақырыптық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты - балаларды көркем әдебиетпен және оқу танымдық әдебиеттермен таныстыру, анықтамалық және мерзімді басылымдарға қызығушылықты ояту. Кітапханаға қонаққа М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері (жетекшілері Асем Аипова) келді. Балаларға ұлы адамдардың, жазушылар мен суретшілердің өмірінде және кітаптың қоғам өміріндегі рөлі мен қалыптасуы туралы ақпарат берілді. Балалар «Білімпаз», «Балдырған», «Өркен» аймағының кітап қорымен және мерзімді басылымдар қорымен танысты, «Зерде» аймағындағы «Керемет, мейірімді кітаптар әлемі» кітап көрмесімен танысты, «IT-Бала» бөлімінен ақпарат алды.
С.Баязитовтың кітаптары және «Отбасымен оқимыз» көрмесінде ұсынылған кітаптарға шолу, «Кітап туралы не білесің?» блиц-викторинасы балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сабақ соңында «Оқыған кітапқа қалай талдау жүргізу керек?», «Оқу күнделігін қалай толтыру керек?» деген кеңестер берілді.