«Ойlike» ток-шоуы
4 сәуірде облыстық кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары ERTIS телеарнасының «Ойlike» ток-шоуына қатысты.
Ток-шоуда қазіргі заманауи кітапхананың бейнесін, Павлодарлықтардың кітап оқуға бейімділігі, кітапханадағы жаңа технологиялар, кітаптарды цифрландыру, қашықтағы оқырмандарға қолжетімділік, жобалық іс-шаралар, жастар мен балаларды кітап оқуға тарту сияқты мәселелерді көтердік. Қазіргі оқырманның портретін құрастырдық.
Кітапхананың байлығы оның кітап қазынасында ғана емес, ең басты байлығы – оқырмандары, кітап пен кітапхананың адал достары.
20 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан «Мастерица» қолөнер шеберлері клубы мен «Фиалка» гүл өсірушілер клубының мүшелері кітапханада бос уақыттарын өткізуден алған әсерлерімен бөлісті.
Ток-шоу қызықты болды, өз эмоцияларымызбен, білімімізбен бөлістік және кітапханамыз туралы мүмкіндігінше баяндадық.