«Топ-30» кітап марафоны (ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына)
31 тамыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері «БиблиоЛето» жобасы аясында Ертіс жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарына «Топ-30» атты (ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған) кітап марафонының қорытынды іс-шарасын өткізді. Оқырмандармен «Бір ел – бір кітап» акциясы, қазақстандық жазушылардың ең үздік шығармалары туралы әңгіме жүргізілді, осы жылдың акциясына енгізілген отандық әдебиетті насихаттау мақсатында олардың маңыздылығы туралы айтылды, олар сүйікті шығармалары туралы айтып, оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті.