ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Бүгінде тоғызқұмалақ – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген ойын түрі. Халқымыздың ежелгі ұлттық спорты болып табылатын бұл ойында ақыл-ойды дамытатын арифметика мен логиканың элементтері бар. 4 мың жылдық тарихы бар төл ойынымыз. Қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбаев атамыз да ойнаған.
Тоғызқұмалақ - әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын. Балалардың логикасы мен ойлау қабілетін дамытады. Жалпы адам баласын сабырлыққа тәрбиелейтін ойын. Баланың алдыға қарай ұмтылуына көмегі тиеді.
Тоғызқұмалақ ойыны көптеген елдерде дамып жатыр. Чехия, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия және т.б. мемлекеттерде тоғызқұмалақтан арнайы үйірмелер ашылған. Ағылшын тілінде де кітаптар жарық көруде. Шетел азаматтарының да қызығушылығы артып жатыр.
Барлық қызығушылық танытқан ересектер мен балаларды зерделік сайысқа, ұлттық ойынымызды ойнауға және дамытуға шақырамыз! Білмейтін, бірақ ниеті барлар үйренеді! Өз күшін қалай білетін және бағалайтындар жарысады!
Сіздерді Ак.Сәтбаев к,104 С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана және Луначарский к, 9/2 С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында күтеміз! Ұлттық ойынымызды бірге дамыттайық!