Тренинг
16 тамызда Алматы қаласындағы American Space & Maker Space-те АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ананд Кришнның қатысуымен Америкалық бұрыштың үйлестірушілері және кітапхана директорлары үшін тренинг өтті.
Оған С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Ш.Шахметова қатысты. Тренингке қатысушылар кітапханалардағы Америкалық бұрыштар мен Maker Space қызметінің басымдықтарын, KASN қызметін, бұрыштардың жүзеге асыратын негізгі ағартушылық және мәдени бағдарламалары туралы талқылады.
Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мамандары, атап айтқанда қоғаммен байланыс жөніндегі өңірлік маман Ребекка Эрнест стратегиялық жоспарлау, тайм-менеджмент, жобаларды іске асыру дағдыларын игеру және т. б. бойынша тренингтер өткізді.