«Туған елім - Қазақстан» атты поэзия кеші
22 қазан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Республика күнін мерекелеу аясында ашық есік күні өтті. Оқырмандар үшін «Қазақстан – туған елім, мақтанышым» атты кітап көрмесінің ашылуы мен «Туған елім – Қазақстан» атты жыр кеші өтті.
Кешке ақын Константин Лунин, поэзиялық жинақтардың авторлары Людмила Бевз пен Наталья Борисовская, «Истоки» музыкалық-поэзия клубының жетекшісі Наталья Млынцева, поэзия сүйер қауым Татьяна Панина және Мерей Кудасова, Гулжанат Сайлаубай, Күмісгүл Жанасыл, Аруанбек Ансабаев, Арланбек Ансабаев, Артем Пеньков, Павел Осмоловский, Владислав Орлов, Даниил Колесников, Михаил Степанов және басқалар. Музыкалық колледж студенті Қайыркен Диас «Ана» күйін тартып берді.
Іс-шараға қатысқан қонақтар ҚР ІІМ Павлодар облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» қызметкерлері, техникалық қызмет көрсету колледжінің, химия-механикалық колледжінің, көпсалалы инновациялық колледжінің және ИнЕУ колледжінің студенттері болды.
Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды және «Жаса, жайна Республикам менің!» бейнебаян ұсынылды.