«Я пишу для детей» атты шығармашылық кеш

20 маусымда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Светлана Александровна Захарова - Грибельнаяның  жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті. Светлана Александровна Захарова – Грибельная монографиялар, ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, өлеңдері жыр жинақтарында, «Найзатас» әдеби журналында жарияланған.

Кештің қонақтары – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, балаларға арналған кітаптардың авторы Людмила Бевз және журналист Марина Кисенко С.А.Захарова-Грибельнаяның шығармашылығы мен әйгілі шығармалары туралы әңгімеледі.

Светлана Александровна оқырмандардың өлеңдер мен ертегілердің қалай жазатының туралы сұрақтарына жауап беріп, хокку өлеңдерінің қалай жасалатынын айтып, ертегілерден үзінділер оқыды. №23 орта мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары гүлдер туралы жұмбақтарды тауып, әдеби ойындарға қатысты.

 «Загадки про цветочки для сына и для дочки», «После дождя будет яркая радуга» атты жаңа кітаптар жас оқырмандар мен олардың ата-аналарына арналған.

«Книжная радуга» көрмесінде автордың кітапханаға сыйға тартылған кітаптары қойылды.