«Тәуелсіздікке тарту» жыр жинағының тұсаукесері
Бүгін 9 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың конференц залында «Тәуелсіздікке тарту» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.
Жыл басында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар филиалымен бірлесіп «Тәуелсіздікке тарту» облыстық поэзия байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты - Тәуелсіздіктің маңыздылығын арттыру, егемендік жылдарындағы жетістіктерімізді танымал ету, оқырмандардың шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиет саласындағы талантты адамдарды анықтау және қолдау. Байқауға 7-35 жас аралығындағы 37 жақын жас ақындар қатысты, ең үздік өлеңдер «Тәуелсіздікке тарту» атты жинаққа енді.
Кездесуге мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Тауасқан Медет Алпысбайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Баянауыл, Май аудандарының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын - Қани Арман Бақтанұлы, ақын, қазылар алқасының мүшесі Константин Лунин, жобаға қатысушылар, оқырмандар қатысты. Байқаудың қорытындылары шығарылып, қатысушыларға арнайы сыйлықтар, дипломдар, сертификаттар және жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.