Ұлт руханиятының үш бәйтерегі
16 қазан күні облыстық кітапханада «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
Теңдікті аңсаған, әділетсіздікті жырлаған, болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырған ұлы тұлғалар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин. Биылғы жылы «Үш бәйтерегіміздің» туғанына 125 – жыл толып отыр. Халқы сүйген қаламгерлердің мол мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге шығармалар жинақтары, оның ішінде «Қазақтың 100 романы», «Алтын қалам», «Атамұра кітапханасы», «Қазіргі поэзия шеберлері», «Қазақ прозасы қазынасынан», «Библиотека Казахской литературы», серияларынан басылып шыққан таңдамалы жеке кітаптары мен олар туралы мерзімді басылымдардан алынған материалдар қойылған.
Кітап көрмесімен бірінші болып танысқан Ы.Алтынсарин атындағы №3 мектеп-гимназиясының 9-10 сынып оқушылары.