«Ұлт ұлысқа ортақ үй - Қазақстан» қонақжайлылық күні
1 наурыз Алғыс айту күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі қонақ күту салтының ізімен өз оқырмандарына есігін айқара ашты.
Көктемнің алғашқы күні бүкіл Қазақстан халқы ең бір жарқын мерекелердің бірін тойлайды. Бұл күн бір-біріне шыдамдылық, мейірімділік пен жомарттық үшін алғыс білдіретін күн. Сондай-ақ, 150 –ден астам ұлт бейбітшілікте өмір сүруі үшін маңызды болып саналатын достық, өзара сыйластық күні. Алғыс күні мерекесі осыдан 4 жыл бұрын пайда болды. 2016 жылдың 15 қаңтарында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған — 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. «Өзіңнің тарихынды есте сақта және мақтан ет» – бұл мерекенің негізгі жолдамаларының бірі.
Әңгіме барысында балалар осы мерекенің тарихы, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы білді, «Алғыс күні» бейне роликтерін тамашалады және «Мен кіммін, тап?», «Қандай аттар көп?» ойындары мен «Отбасылық бақыт қалай құрылады?» атты конкурсқа қатысты. Іс-шара соңында балалар ұсынылған шығармашылық тапсырмаға белсенді қатысып, өз қолдарымен өздерінің пікірі бойынша лайықты адамдарға алғыс сөздері жазылған ашықхаттар табыс етті.