Ульян Мақұлұлы 80 жасқа толды
17 маусым күні облыстық кітапханада тіл жанашыры Ульян Мақұлұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ұлағатты ұстаз, мемлекеттік тілдің жоғын жоқтап, мәртебесін көтеріп, оны насихаттауға зор еңбек сіңірген азаматты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас иманы Жолдас қажы Қоспақұлы, облыстық мәдениет басқармасы, ішкі саясат бөлімі,облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, ПМПУ, Халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық филиалы, қалалық мәдениет басқармасы, «Ана тілі» орталығы, «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі, облыстық ардагерлер кеңесі, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, ақын- жазушылар, облыстық кітапхана басшысы және т.б. зиялы қауым өкілдері құттықтады. Ақ тілектер ақтарылып, әннен шашу шашылды. Әдемі кешті жүргізген жергілікті ақын, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы Айбек Оралхан.