«ЕРЛІК – ЖАН ДҮНИЕҢНІҢ ҰЛЫ ҚАСИЕТІ» АТТЫ ТАРИХ САБАҒЫ.
29 ақпанда кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ерлік – жан дүниеңнің ұлы қасиеті» атты тарих сабағы болып өтті.
Ауғаныстан соғысына қатысқан, құрметті ардагерлеріміз: Қайрат Жаңбырбайұлы мен Оразбек Қаратайұлы осы кездесуге арнайы келді.
Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагерлеріміз өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың тәлім-тәрбиесі жайлы ой өрбітті.
Сабаққа Павлодар қаласының Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері мен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты. Тарих сабағы студенттер үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы болды.