«ОПЕРАМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР» АТТЫ МУЗЫКА САБАҒЫ

24 қаңтар күні кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаевтың 75 жылдығына арналған «Операмен өрілген өмір» атты музыка сабағы өтті.

Сабаққа келген оқушылар қазақ мәдениетінде, опера өнерінде ерекше орны бар тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаевтың өмірі мен музыкалық өнерімен жақынырақ танысты. Балалар әншінің орындаған әндері мен шығармашылығына арналған «Опера менің өңердегі бойтұмарым» атты бейнеролигін мұқият қарап, сахналық дебютін Ш.Гуноның “Фауст” операсынан Мефистофель партиясын орындауын тамашалады.  Бейімбет Қожабаев классикалық операларға қатысып, Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Алпамыс» пен «Абылай хан», Ғ.Жұбанованың «Құрманғазы», С.Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» бен «Ақан сері – Ақтоқты» операларында басты партияларды орындаған сәттерін көруге мүмкіндік болды. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, бірнеше сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Музыка сабағына  Павлодар қаласының №7 Жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты.