Облыстық кітапханада «Сила искусства» халықаралық әдеби арт-фестиваль өтті
28 қыркүйекте облыстық кітапханада «Сила искусства» халықаралық әдеби арт-фестиваль өтті. Фестивальді «ART-studio» жобасы аясында креативті шығармашылық орталығы ұйымдастырып, әдеби өнерді насихаттау мен ілгерлетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында тәжірибе мен идеялар алмасу алаңын құруға арналған.
Іс-шара салтанатты ашылудан басталып, көрермендерге Ресейден келген қонақтарды таныстырды. Карасук аудандық орталық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі, Ресейдің кәсіби одағының мүшесі Н.М. Панасенко және Карасук аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.П. Мусабекова құттықтау сөз сөйледі.
Фестивальді Қазақстан және Ресей музыканттары - Алмас Мұқатай мен Дарья Панасенконың орындауында ән шашумен ашылды.
Фестивальдің ашылуында Ресейлік авторлар пластилинді анимация техникасында жасаған «Савка» мультфильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды. Бұл екі кітапхананың бірлескен жобасы (Карасук ауданының орталық кітапханасы және Павлодар облыстық кітапханасы). Мультфильм сюжетінің негізінде «Савка туралы аңыз» (авторы - Ресейлік жазушы Елена Ткач) жатыр. Оны Павлодарлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралхан қазақ тіліне аударған. Павлодар қаласы мен Карасук қаласындағы педагогикалық колледждердің студенттері екі тілде мультфильмде сөйледі.
Күні бойы кітапхана өнердің тынысын сезінетін нағыз әдеби ортаға айналды. Шығармашылық шеберлік-сыныптарынан басқа, фестиваль бағдарламасында «Здесь оживают сказочные сны» атты балаларға арналған иллюстрациялық - кітап көрмесі болды. Арт-фестивальге Карасук және Павлодар қалаларының суретшілері (Павлодар көркемсурет колледжінің және ИНЕУ жоғары колледжінің студенттері, Павлодар қ. көркемсурет мектебінің оқушылары) ондаған жұмыстарды әкелді. Экспозицияға ресейлік, шетелдік авторлардан басқа қазақстандық авторлардың шығармалары негізінде жасалған иллюстрациялар кірді . Олардың қатарында ақын-әнші М. Әлімбаевтың аңыздары мен ертегілері, ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың және басқа да қазақ жазушыларының өлеңдері бар. Сурет кейіпкерлерінің арасында балалар әлі күнге дейін ұнататын ерекше кейіпкерлер бар.
«Сила искусства» арт-фестивалі облыстық кітапхана үшін ғана емес, бүкіл әдеби орта үшін де маңызды оқиға болды. Бұл әдебиет пен өнердің орасан зор күші бар және тілдік және географиялық шекараларды еңсеру арқылы әртүрлі мәдениеттердегі адамдарды біріктіруге қабілетті екендігінің тағы бір дәлелі болды.