«Тана моншақ жасау» шеберлік сағаты
Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында, 15 наурыз күні Креативті шығармашылық орталығының «Art-Studio» жобасы шеңберінде Әйгерім Алежанованың ұлттық нақыштағы «Тана моншақ жасау» шеберлік сағаты өтті. Ұлтымыздың салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін насихаттау аясында, күнделікті өмірде тағып жүретін заманауи ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарды (моншақ, бисер, үкі, түрлі-түсті тастармен безендіріп) қала қыз-келіншектері катысып жасап үйренді. Шеберлік сағат қатысушыларға керемет әсер және көтеріңкі көніл күй сыйлады.