«Поэзия әлемінің дарабозы» атты поэзия кеші
13 шілде күні облыстық кітапханада Қазақстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Поэзия әлемінің дарабозы» атты поэзия кеші өтті. Оның шығармашылығында қоғамның рухани жағдайының ең өзекті мәселелері көрініс тапқан.
Іс-шараға №5512 әскери бөлімінің қызметшілері қатысып: Аман Рахат Мұхтарұлы «Мені неге Мұхтар қойған» әнін орындаса, Дүйсенов Дархан Мұратжанұлы мен Ақтаев Ермек Темірбекұлы ақынның өлеңдерін оқыды. Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған әсем әндерді Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Әсел Ботаева орындады.