«Әдет-ғұрып, салт-дәстүр – тұтастықтың негізі» атты салт-дәстүрлер кеші
14 қыркүйекте қазақ халқыныңсалт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпына арналған «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр – тұтастықтың негізі» аттыкеш өтті. Қазақ дәстүрлері – қазақ қоғамының өмірлік негізі. Халық дәстүр жайлы өз білімдері мен тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
Кеш бағдарламасы: «Әрбір қазақ білуі қажет! Қазақтың салт-дәстүрі» бейне-презентация, «НҰР-АНА әлемі» орталығының төрағасы Максилова Бақытжамал Шаханқызы «Бесікке салу» салтын көрсету, Вахабжанова Наргиздің орындауында ән шашу, «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі.
Кешке Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің филология бөлімінің студенттері, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының оқушылары, «Нұр-АНА әлемі» орталығының өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты.