«О времени, о жизни, о себе» кездесу-кеші

22 ақпанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар қаласының және Железин ауданының Құрметті азаматы, жазушы, публицист, Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Юрий Дмитриевич Поминовтың 70 жас мерейтойына орай «О времени, о жизни, о себе» атты кездесу кеші өтті.

Мерейтой иесін Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы М.А. Тауасқан, Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Б.М. Қаппасов, «Павлодар облысы, Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы Қ. Қималиденов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С. Гладышева, облыстық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Н.П.Чудовский, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев, қоғам қайраткерлері Б. Максилова мен М. Қанаев, «Қазақстан алюминийі» АҚ, Славян мәдени орталығының өкілдері құттықтады. Юрий Дмитриевичке жылы лебіздерін әріптестері, студенттері – «Ертіс Медиа» ЖШС директоры А. Хамзина, «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы В. Долгушев, журналистика ардагерлері С. Горбунов пен Ғ. Жұматов, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы А. Вервекин және т.б. айтты. Баяндамашылар осы күннің қаһарманының кәсіби шеберлігін, оның Қазақстанның әдебиеті мен журналистикасының дамуына сіңірген еңбегін тілге тиек етіп, адами биік қасиеттер – әдептілік, азаматтық батылдық, адамды құрметтеуді атап өтті.

Шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.