Александр Вервекин: о себе и обо всем
2022 жылдың 8 маусымында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Александр Вервекин: о себе и обо всем» атты шығармашылық кездесу өтті.
Александр Вервекин журналист, жазушы, қоғам қайраткері ретінде Павлодарда танымал. Оның бастамасымен және белсенді қатысуымен Павлодар география үйі құрылды. Александр өзінің саяхаттары туралы, тағдыр оны жақындастырған адамдар туралы және өзінің «Правдивые притчи» атты жаңа кітабы туралы айтты. Кітапта әр уақытта және әр елде әртүрлі ұлт, дін, нәсіл өкілдерінің бір-біріне қалай көмектесетіні, игі істер жасайтыны айтылады.
Кездесу қонақтары – жазушы, журналист С.А. Горбунов, ғалым Т.Н. Смағұлов, ақын Л.Н. Бевз және т.б. Шараға Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, әскери-техникалық мектебінің курсанттары, кітапхана оқырмандары қатысты.