«ВЕНГРИЯ: ВЗГЛЯД ИЗНУТРИ» АТТЫ ВИКТОРИНА

21 желтоқсанда Әлемдік әдебиет залында «Венгрия: взгляд изнутри» атты викторина өтті.  Бұл ел Орталық Еуропада орналасқан және өзінің курорттарымен, сарайларымен және бекіністерімен әйгілі. Ертегілер, мақал-мәтелдер, әндер мен балладалар, тарихи аңыздар сияқты бай халық шығармашылығы бар. Венгр халық музыкасы ерекше және әуезді естіледі.  Венгр билері - чардаш пен вербункош - бүкіл әлемге әйгілі. 

   Іс-шара барысында дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары бұл еуропалық мемлекет мерекелері мен көрікті жерлері туралы қызықты деректермен танысты, «Венгрия - полный обзор» бейнероликін тамашалады, венгр тілінде көңілді күлкілі ән тыңдады және викторинаға қатысты. Викторинаға жауап беруге «Все о Венгрии» кітап көрмесі үлкен көмек көрсетті.