ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КЕЛУІ

17 шілде күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға іс-сапармен Елбасы Н.Ә. Назарбаев келді. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Тәуелсіздігіміздің 27 жылында дәстүрлі кітапханадан заманауи білім орталығына айналды. Облыстық кітапхана жаңа технологиялармен жұмыс жасайды. Кітапхананы жаңғыртудың басты кезеңі – радиожиілік технологиясын енгізу. Біздің облыстық кітапхана Қазақстандық өнім «РАБИС» технологиясымен жұмыс істейтін бірінші және республикамыздағы жалғыз жаппай кітапхана болып табылады.

Цифрлы технологияларды қолдануда біздің кітапханамыз жан-жақты жұмыс жасауда.
«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасын іске асыру аясында кітапхана бірыңғай онлайн-кітапхана құруды жөн көрді. Бұл кітапханалар жұмысын жаңа форматқа ауыстырудың амалы.
Қазіргі таңда қорларды цифрлаудың дайындық және ұйымдастыру кезеңдері өтіп, эксперименттік пайдалануға берілді.
Кітапханамыздың қорында 180 000 кітап атауы бар, оның ішіндегі павлодарлық авторлардың 5800 кітабы 100 % (пайызы) сандық форматқа көшірілді. Бүгінгі таңда қорды цифрлау жұмыстары жалғасуда. 
Біріңғай онлайн-кітапхананың басты ерекшелігі: облыс тұрғындарына қажетті әдебиет орналасқан жақын жердегі кітапхананың мекенжайы туралы ақпарат алу, алдын-ала кітапқа тапсырыс беру облыс кітапханаларының электронды нұсқаларын онлайн-оқу режимінде мүмкіндіктерін береді. 
Мысалы, жерлес жазушы-классик Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» кітабын іздесек, кітаптың авторын немесе атауын жазу арқылы, оның жақын жердегі кітапхананың қорында барын білеміз, және тапсырыс беруге немесе онлайн-режимінде оқуға мүмкіндік болады.
Бұл қызмет Қазақстан Республикасында алғаш рет ұсынылып, болашақта Қазақстанда бірыңғай онлайн-кітапхананы құру үшін негіз болмақ. 
Елбасына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Жанашыр» орталығы да көрсетілді. Олар үшін қолайлы жағдай жасалған. Орталықта кітап оқуға, Интернет желісінде отыруға, мәтінді теріп Брайль әліппесінде шығаруға, кітап, газет-журналдарды жабдық арқылы тындауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бос уақыттарын өткізуге мүмкіндіктер жасалған.