Әлемдік сарапшылар кітапхана саласына жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылады
29-31 мамыр күндері Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Бірігу, ынтымақтастық және жасампаздық: мамандық болашағының кепілі ретінде кітапхана қауымдастықтары мен серіктестіктерін дамыту» тақырыбында Халықаралық кітапхана қауымдастықтары федерациясымен (IFLA) және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының қолдауымен ХІІІ академиялық кітапханалар конференциясы өтті. Конференцияға.
Конференцияға АҚШ, Канада, Қытай, Ресей, Финляндия, Малайзия, Португалия және тағы басқа елдерден келген сарапшыларды қосқанда, 200-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ шарада еліміздің өңірлерінен келген ЖОО және көпшілік кітапханаларының қызметкерлері қатысты.
3 күн бойы жасанды интеллектті енгізу, бірыңғай автоматтандырылған кітапхана жүйесі, арнайы топтамалар арқылы мәдени мұраны дәріптеу – осы және басқа да тақырыптар NU қабырғасында талқыланды. Негізгі сессиялармен қатар, кітапханашыларға ақпараттық қызметтерді ұсыну кезінде жасанды интеллектті пайдалану бойынша қазақ және ағылшын тілдерінде шеберлік сыныптары өтіп отырды.