МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР..

Бүгін қаламыздың жастары Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күнін облыстық кітапханада «Махаббат, қызық мол жылдар» атты әдеби-музыкалық кеш түрінде атап өтті. Біздің тұрақты оқырмандарымыз - 5512 әскери бөлімінің сарбаздары Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледждің студенттерімен қосылып А.Құнанбаевтың, Ә.Нұршайықовтың шығармаларынан үзінділер оқып, Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің студенті Дания Күміс пен сарбаздар Баян сұлу, Қозы Көрпеш және Қодардың рөлін сомдады, ал Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының жас әртістері Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасынан кіршіксіз махаббат сезімі туралы көрініс қойды. Көрермендер педагогикалық колледж студенттері дайындаған бейнероликті тамашалап, студенттер мен сарбаздар әсем әндер шырқап, би биледі.