«Барлық жұмыс жақсы – барлық мамандық маңызды»
29 наурыз күні облыстық кітапханада Техникалық сервис колледжінің оқытушысы Д.Н.Көпжасаров пен №11 мектептің 9 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Балалар бақыланатын еңбек нарығындағы жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныс, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары туралы ақпарат алды.
Жасөспірімдердің қызығушылығын тудырған «Мамандық таңдау – маңызды мәселе» атты бейнеролик назарға ұсынылды.