Кездесу-диалог

12 мамырда облыстық кітапханада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы М. А. Тауасқан облыстың орталықтандырылған кітапхана жүйелері директорларымен кездесу - диалог өткізді.

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова әріптестеріне арнаған сөзінде Павлодар өңірінің кітапханалары қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері: ақпараттандыру, жаңғырту, мобильдік және уақтылық алдында тұрғанын атап өтті.

Кәсіби диалог түрінде кітап қорларын жинақтау, ауылдық кітапханаларды компьютерлермен, модульдік кітапхана техникасымен жабдықтандыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және т. б. бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Облыстық басқарма басшысы Медет Тауасқан ОКЖ директорларының сұрақтарына жауап беріп, кездесуге қатысушылардың пікірлері мен тілектерін тыңдады. Мұндай кездесулер кітапхана процесін одан әрі жетілдіру жолдарын, бағыттарын анықтауға және кәсіби достастықты нығайтуға мүмкіндік береді.