«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы
26 қараша күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті тікелей эфирін ұйымдастырды. Эфирде екінші рет қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы, аяулы ана Мускенова Светлана мен оның инабатты келіні Мускенова Әлпеш. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді және отбасында ұстанатын салт- дәстүрге, әдеп-ғұрыптарға тоқталып, өз ойларымен бөлісті.