ЖАСТАРДЫҢ ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

Халықаралық кәсіпкерлік апталығы аясында облыстық кітапханада Ертіс өңірінің табысты кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Кездесу қонақтары арасында: Жеке кәсіпкер, Citizen-To-Citizen Diplomacy жобасының жетекшісі, АҚШ-тың Open World'10 айырбастау бағдарламасының түлегі-Арман Сұлтанбеков; Бизнесмен, стартапшы - Аракел Хидирян; Мәслихат депутаты, «Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» ҚБ төрағасы, кәсіпкер, этномәдени бірлестігінің төрағасы - Дяк Аурика болды.

Іс-шараны облыстық кітапхананың Халықаралық кітап секторы және Павлодар және Ақсу қалаларындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды. Кездесудің үйлестірушісі - Тимур Сульбаев.

Қонақтар өз қызметінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және бизнесті мемлекеттік қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және «Даму» Қоры жанындағы қолжетімді ресурстар туралы айтып берді.

100-ден астам қатысушының сұрақтарына жауап бере отырып, бизнесмендер табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлықты, үнемі оқуға және жетілуге деген ұмтылысты қарастыратынын атап өтті. Өйткені, кәсіпкер бір уақытта бухгалтер, экономист және заңгер болуы керек. Кәсіпкерлермен кездесу жастарға жақсы әсер қалдырды.