«Отбасы ұйытқысы - ене мен келін» жобасы
27 тамыз күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті төртінші тікелей эфирін ұйымдастырды. Эфирде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы болып отырған ене Шакенова Сағила Уалиханқызы мен оның инабатты келіні Мұхтарова Алтын. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.