«Жанды кітапхана» жобасы аясындағы кездесу
20 ақпанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада биылғы жылы «»Жанды кітапхана» жобасы аясында алғашқы кездесу өтті. Бүгін «жанды кітаптар» өмір туралы, рухани даму туралы, басқаларға мейірімділік пен сүйіспеншілік туралы, мамандық пен сүйікті іс туралы әңгімеледі. Әр адам өмір бойы оқуға болатын кітап сияқты. Мұндай бастама алғаш рет Данияда пайда болды және қазір бүкіл әлемге таралды.
Жоба біздің кітапханада да сәтті іске асырылып келеді. «Жанды кітапхана» әдеттегідей жұмыс жасайды. Оқырман кітапханаға келіп, тіркеледі, бақылау парағын алады, кітапты таңдайды және белгілі бір уақыт ішінде қарайды, зерделейді. «Кітаптар» - бұл тірі адамдар, ал «оқу» - ол әңгімелесу. Мұндай іс-шараның мақсаттарының бірі - бейресми қарым-қатынас арқылы бар алалаушылық пен стереотиптерден арылу.
«Кітаптар» ретінде қызықты және әртүрлі тұлғалар шақырылды. Олардың ішінде теолог, Павлодар облысы бойынша ҚМДБ және «Мәшһүр Жүсіп» облыстық орталық мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы Бертімұратов, «Сердца Павлодара» ҚҚ жанындағы жараланған жануарларды оңалту орталығының басшысы Мария Гребенкина және «DRYGOЙ beauty bar» сұлулық салонының басшысы, Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Анастасия Виндерголер кітап ретінде өатысты.
Іс-шараға мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары, студенттер, сондай-ақ қала жастары қатысты. Спикерлерге қызықты және әсерлі оқиғалары үшін, ал қатысушыларға қызығушылық танытып, қатысқандары үшін алғыс айтамыз. Біздің іс-шара сізге стереотиптер мен алалаушылықтардан арылуға, әлемге басқаша қарауға және қарапайым адамдардың өмірінің басқа жағын көруге көмектесті деп үміттенеміз. Қайта жүздескенше!