«Ең нәзік жандарға гүл шоғы» кездесу кеші

5 наурыз күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ең нәзік жандарға гүл шоғы» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Балалар аналарына арнап тақпақтар оқып, ән шырқады.

Аналарға арнап түрлі-түсті қағаздан өз қолдарымен гүл шоқтарын жасады. Шара соңында жас аналардың орындауында «Анашым» әні шырқалды.