Құқықтар мен міндеттер туралы
24 наурызда балалар әдебиеті бөлімінде №41 мектептің 10-сынып оқушылары Павлодар облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Г.Узденбаева, Павлодар қаласы әкімдігінің Солтүстік полиция бөлімінің аға инспекторы А.Сабитова, Павлодар облысы Еңбек басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Махамбетов; Павлодар облысы білім басқармасының «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің әдіскері К.Мадыгуловамен кездесті. Шара Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаев жариялаған «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына толық жауаптар алды. Оның ішінде жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, еңбек қатынастарын реттеу, құқықтар мен міндеттер, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету бойынша психологиялық қызмет ұйымдастыру мәселелері.