Мамандық таңдау және іздеу
17 наурыз күні "Business community" жобасы аясында облыстық кітапханада 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты таңдау және іздеу» кәсіптік бағдар беру бойынша семинар өтті. Сертификатты-профориентолог Людмила Пак болашақ мектеп түлектерінің кәсіп таңдауда қателіктер жібермеуге кеңес берді.
Ол өз сөзінде оқушыларды мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсінуге жетелеу, кәсіби өзін-өзі анықтауда өз белсенділігінің көрінісін ынталандыру маңызды екенін атап өтті.
Профориентологтың айтуынша, жоғары сынып оқушылары кәсіптер түрлерін және еңбек нарығында мамандық қаншалықты сұранысқа ие екенін түсінуі қажет. Оның айтуынша, 2030-40 жылдары кәсіптердің 80%-ы жоғалып кетуі мүмкін.
Айта кетейік, жеке кәсіптік бағдар беру консультациясында жоғары сынып оқушылары өз қабілетін ескере отырып, болашақ мамандық түрін анықтау үшін қажетті толық ақпаратты ала алады.
Ал, бүгінгі семинарға белсенді қатысқан №7 мектеп оқушыларының бірі, Пак Людмиладан 15 мың теңге сомасында алғашқы жеке кеңес алу және тестілеу сертификатын жеңіп алды.