«Астанаға арнау» көрме-жәрмеңкесі

4 шілдеде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың алдында мемлекеттік мереке – Астана күніне орайластырылған «Астанаға арнау» көрме-жәрмеңкесі болып өтті.
Көрмеде павлодарлық суретшілердің картиналарын, түпнұсқа зергерлік бұйымдарды, тоқыма қағаздан жасалған бұйымдарды, қолдан жасалған ойыншықтарды тамашалап, сатып алуға мүмкіндік туды. «Мастерица» клубының қолөнершілерінің эксклюзивті бұйымдары – тоқу және киіз басу техникасы арқылы тігілген киім-кешек бұйымдары, сондай-ақ зергерлік бұйымдар ұсынылды. Әдеттегідей, келушілердің назарын әдемі бөлме өсімдіктер - шегіргүлдердің, пальмалардың, папоротниктердің, традесканциялардың және тіпті жеуге болатын мандариндердің әртүрлі сорттары аударды. Бұл «Фиалочка» клубы мүшелерінің еңбегінің жемісі.
«Астана – елдің жүрегі» атты кітап көрмесінде елорданың тарихын, еліміздің өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани маңызын баяндайтын кітаптар ұсынылды.