«Гүлдер вальсі» атты көрме – жәрмеңке
13 мамырда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Фиалочка» клубы «Гүлдер вальсі» атты көрме-жәрмеңке өткізді. Гүлдердің алуан түрлері – шегіргүл, бегония, бальзам, хризантема және басқа да жабық өсімдіктер ұсынылды.
Гүл бизнесінің мамандары тәжірибе алмасып, сирек экзотикалық өсімдіктерді өсірудегі жетістіктер туралы әңгімеледі. Көрмеге келушілер гүлдердің эстетикасы мен әсемдігін тамашалады. Сондай-ақ, көрме гүл шаруашылығын кеңінен насихаттауға және өсімдіктердің жаңа сорттарын қалың жұртшылыққа таныстыруға арналған.
Іс-шараға кіру тегін болды.