Халықаралық Әке күні
Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.
Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.
О баста «Әкелер күнін» атап өтуді анасы қайтқанда 6 баланы өзі бағып өсірген әкесінің еңбегін көпке жеткізгісі келген америкалық Сонора Смарт 1910 жылы ұсынып, кейін Ұлыбритания, Голландия, Франция, Қытай, Жапония қолдап, бұл күні әкелерге алғыс айтылып, сыйлықтар ұсыну әдетке айналыпты. Содан бері маусым айының үшінші жексенбісін әкелерді құрметтеуге шақырған мейрам аталып өтіледі.