«Мен өлеңдерімді балаларға арнаймын»

Бүгін С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Астананың 25 жылдығына орай ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Серік Сатыбалдинмен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты С.Сатыбалдиннің шығармаларымен танысу, балалардың оқу мәдениетін арттыру. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Серік Елікбай С.Сатыбалдиннің шығармашылығы туралы айтып берді. Білім саласының үздігі Совет Әмірханов, Қазақстан Жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі Шолпан Байғалы. «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің әжелері С.Сатыбалдиннің сөзіне жазылған  «Бесік жырын» әнің орындады.

Кеште Рахым Самина, Ерғали Сақып, Ерасыл Нығметулла ақынның өлеңдері мен ертегілерін оқыды. «Жазушы атаның балаларға тартуы» көрмесінде С.Сатыбалдиннің «Қылмыс пен жаза», «Қасиетті жұрт», «Қоңырүнгір хикаясы» кітаптары, «Ақ желкен», «Жыл он екі ай» журналдарының мақалалары  қойылды. Серік Қинаятұлы өзінің шығармашылық жоспарлары туралы айтып,оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ең қызықты сұрақтары үшін оқырмандарға өз кітаптарын табыс етті. Кездесу соңында С.Қиянатұлы балаларға әдебиетке қызығушылық танытып, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйренулерін тіледі.